Қазақстандықтар үшін тағы үш елде паспорт ресімдеу мерзімі қысқартылды
Zakon.kz
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 80 күннен 30 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берген пилоттық жоба.
Қазақстандықтар паспортты Корея, Өзбекстан және Жапониядан 30 күнде ала алады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінде хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекеттік қызмет 2021 жылдың қазан айынан бастап Корея Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Жапония аумағында жүрген Қазақстан азаматтары үшін қолжетімді болды. СІМ мен ҚР ІІМ-нің аталған пилоттық жобасы құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шетелде жүрген азаматтарға паспорт дайындау бойынша қызмет көрсету процесін оңтайландыру шеңберінде іске асырылады, делінеді ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сыртқы саясат ведомствосы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 80 күннен 30 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берген пилоттық жоба Қазақстанның Ресейдегі, Германиядағы және АҚШ-тағы шетелдегі мекемелерінде табысты іске асырылып жатқанын еске салды.
Қазақстанның мемлекеттік органдары шетелде қазақстандық азаматтарға паспорт рәсімдеу мерзімдерін қысқарту бойынша жағдайлар жасалатын елдердің географиясын кеңейту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруда, деп қосты ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript