Жамбыл облысында дизель толы цистерналар өртенді

Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-ның 75 қызметкері жұмылдырылды.
Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы Аса ауылында газ өңдеу зауытынан өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрттің видеосы Instagram-да жарияланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жамбыл ауданының әкімдігі "Амангелді ГӨЗ" ЖШС Тараз филиалының аумағындағы өрт туралы ақпарат сағат 12:00-де келіп түскенін хабарлады.
Көлемі 240 текше метр екі дизель резервуары жанғаны анықталды, деп нақтылады Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-ның 75 қызметкері жұмылдырылды.
Өрт сағат 12:54-те ауыздықталды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда, деп қосты Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Зауыт аумағы қоршалып, кәсіпорын қызметкерлері эвакуацияланғанын атап өтті.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
0
Толық оқу