Аяжан Еділова өлімі бойынша басты сот қарауының күні белгіленді

видеодан кадр видеодан кадр
Процесс жабық режимде өтеді.

Аяжан Еділованы зорлау және өлтіру ісі бойынша басты сот қарауының күні белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Алматы қалалық соты хабарлады.

Алдын ала тыңдау (Аяжан Еділованың өліміне қатысты іс – ред.) аяқталды. Оның қорытындысы бойынша, басты сот қарауының күні белгіленді, 9 қарашада сағат 10:00-де өтетін болады. Процесс жабық режимде өтеді. Алдын ала тыңдауларда сотталушы істі алқабилер сотының қарауынан бас тартты. Заңға сәйкес, істі судья жалғыз өзі қарайды, деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

19 наурызда Алматыда 19 жастағы Аяжан Еділова жоғалып кетті. 22 наурызда оның өлтірілгені анықталды. Полиция "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеуді бастады, іс бойынша Түркістан облысының 1993 жылы туған тұрғыны ұсталды.

Аяжан Еділованың денесі бөлшектелгені белгілі болды. Күдікті Аяжанның денесінің бөлшектерін қоқыс жәшігіне лақтырып үлгерген.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз