Тойға, асқа рұқсат жоқ. Ақмола облысында карантин күшейтіледі

Zakon.kz Zakon.kz
Қаулы 1 қарашадан бастап күшіне енеді.

Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 2021 жылғы 29 қазандағы "Ақмола облысының аумағында шектеуші карантиндік іс-шаралар туралы" қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, Ashyq жобасына қатысатын объектілерден басқа жаппай тамақтану орындарында және үйде, сондай-ақ ашық ауада отбасылық, мерейтойлық іс-шараларды (банкет, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру және т.б.) өткізуге тыйым салынады.

Сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, Ashyq жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, бұқаралық іс-шараларды (мерекелік, діни, спорттық, мәдени) өткізуге тыйым салынады.

Ойын-сауық мекемелерінің қызметіне тыйым салынады: балалар ойын-сауық орталықтары, караоке, түнгі клубтар, бильярд залдары, көрмелер, марафондар.

Облысаралық, облысішілік, қалалық көлік қозғалысы тоқтатылады.

Саябақтарға, алаңдарға және басқа да демалыс орындарында әлеуметтік қашықтықты және бетперде режимін сақтай отырып, үш адамнан аспайтын топпен немесе бір отбасы мүшелерімен баруға рұқсат етіледі.

Құжаттың толық мәтінін мына жерден көруге болады.

Қаулы 1 қарашадан бастап күшіне енеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз