Жоғалып кеткен ер адам Теміртау маңынан өлі табылды

Сараптама тағайындалды.
37 жастағы Қайрат Амановтың денесі 29 қазан күні Теміртау қаласының сыртындағы айдаладан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz .
Баласының жоғалғаны туралы полицияға анасы арызданған. Оның айтуынша, 4 шілдеде ұлының үйінен шығып кетіп, сол күйі жоғалып кеткен. Ер адамды іздеуге полицейлер мен волонтерлар жұмылдырылды, - деп хабарлайды "Патриот" telegram арнасы.
Табылған денеде зорлық-зомбылық белгілері бар ма, жоқ па, бұл жағын полиция әлі нақтыламады.
Сараптама тағайындалды.
Бөлісу
0
Толық оқу