Көркем гимнастикадан ӘЧ: Қазақстан құрамасы ақтық сынға өте алмады

Ал әлем чемпионы атағын Ресей құрамасы иеленді.
Көркем гимнастикадан Жапонияның Китакушу қаласында өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар да өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Olympic.kz мәліметі бойынша, топтық жаттығуда Қазақстан командасы финалға өте алған жоқ. Екі жұп ұршық, үш шығыршық және бес доппен жаттығуда қазақстандықтар 16-орында қалып қойды.
Ал әлем чемпионы атағын Ресей құрамасы иеленді. Италия екінші, Беларусь үшінші орында.
Бөлісу
0
Толық оқу