Қазақстандық боксшыға біреулер қышқыл құйып, қашып кетті

Instagram/viktor.boxerkz Instagram/viktor.boxerkz
Түрлерін жасырған адамдар істеп кетті.

Англияда қазақстандық боксшы Виктор Коточиговтің үстіне белгісіз біреулер қышқыл құйып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Англиядағы жиын мен үшін сәтсіз аяқталды. Мен ол жаққа 11 желтоқсанға жоспарланған жекпе-жекке дайындалу үшін барғанмын. Бөлме жалдап, жаттығуға кірістім. Төрт күн өткен соң, түнде есіктің артынан шу естілді, біреу құлыпты ашуға тырысып жатты. Мен пышақ алу үшін ас үйге бардым. Бірақ шанышқы мен қасықтан басқа ештеңе таппадым. Есік ашылып, түрлерін жасырған адамдар үстіме сұйықтықты құйып, қашып кетті, - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Бұл оқиғаны естіген спортшының жаттықтырушысы оны ауруханаға апарыпты.

Ол маған үлкен қамқорлық жасады, алғысымды білдіремін! Бірнеше күн ауруханада болдым. Мен ешкіммен ұрыспадым, таласпадым, кім жасағынын білмеймін. Енді жиындарға тек тексерілген жерлерге бару керек екенін түсіндім, - деді спортшы.

Дайана Тоқберген

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Viktor Kotochigov (@viktor.boxerkz)

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз