Жаңалықтар тізбегі
0

Субсидия жымқыру ісі туралы министрлік мәлімдеме жасады

ҚР АШМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2021 16:50 ҚР АШМ
Ауыл шаруашылығын субсидиялаудың жаңа тәсілдері әзірленді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізіп жатқан тергеулерге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялау тетіктерін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен бірлесіп, анықталған проблемаларды жүйелі түрде қарайтын және шешу жолдарын әзірлейтін арнайы жұмыс тобы құрылды.

2021 жылғы 9 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Тексеру мерзімі екі рет 30 қыркүйекке дейін және 15 қазанға дейін ұзартылды. Тексеру жүргізу кезінде саланы субсидиялау бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге талдау жасалды, орын алған олқылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.

Ауыл шаруашылығын субсидиялаудың жаңа тәсілдері әзірленді.

Олар субсидиялау бағыттарын оңтайландыруды және олардың тетіктерін жеңілдетуді көздейді. Бұдан басқа, шаруашылық жүргізудің мөлшері мен нысандарына қарамастан, барлық субъектілер үшін мемлекеттік қолдау шараларының тең қолжетімділігі қамтамасыз етілетін болады. Бұдан бөлек, субсидия алушылардың нақты индикативтік көрсеткіштермен түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу бойынша қарсы міндеттемелер алуы арқылы олардың жауапкершілігін арттыратын нормалар енгізілетін болады.

Сонымен қатар, асыл тұқымды мал шаруашылығының заңнамалық базасын одан әрі жетілдіру, оған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмайтын қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жұмыс жүргізілуде. Тиісті заң жобасы қазір ҚР Парламенті Мәжілісінде жатыр.

Адами фактордың бұл процестерге әсерін болдырмау мақсатында жануарларды есепке алу және жануарлар туралы ақпаратты АШЖБ (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру) дерекқорына беру процестерін автоматтандыру бойынша ветеринария саласының қызметін цифрлық форматқа көшіру жоспарлануда.

Жалпы, субсидиялау тетіктерін жетілдіру бойынша ұсынылатын шаралар барлық мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен талқыланатын болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатаң сараптамадан өтеді. Бұл саланың дамуына және Президент қойған міндеттердің орындалуына ықпал ететін ауыл шаруашылығын субсидиялаудың тиімді жүйесін құруға мүмкіндік береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: