Жаңалықтар тізбегі
0

Қарызға әбден батқан қыз баласын сатып жіберді

pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2021 18:48 pixabay
Әйел баланы сатқысы келмегенін, бірақ ақша керек болғанын айтты.

Қазақстандық әйел құрбысының кеңесі бойынша өз баласын 60 мың теңгеге сатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алты жыл бұрын әйел осындай қадамға барып, өзінің материалдық мәселелерін шешуге тырысты. Ол жеті жылға сотталып, ұлы балалар үйіне берілген.

Ол жүкті екенін білгеннен кейін жалғыз қалды.

Мен қорықтым, баланы қалай өсіретінімді білмедім. Құрбымнан кеңес сұрасам, ол баланы басқа отбасына беруге кеңес берді. Балаға зәру семьяны таптым, сосын туып, баланы апарып бердім. Мен еш талабым жоқ деген қолхат жаздым да 60 мың теңге көлемінде көмек сұрадым. Менің қарызым болды және кепілден жеке куәлікті алуым керек болды, - деді сотталушы Оtyrar басылымына.

Әйел баланы сатқысы келмегенін, бірақ ақша керек болғанын айтты.

Мен өзім полицияға келіп, кінәмді мойындадым. Кейін сот болды. Мені 7 жылға соттады. Мен енді қатты өкінемін. Балаларыңызды өсіріңіз, олардан қымбат ештеңе жоқ дегім келеді, - деп жылайды ол.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: