Талдықорғанда даяшы топ адамнан таяқ жеді - полиция түсініктемесі

pixabay pixabay
Полиция қызметкерлері күдікті деп танылған 20-25 жастағы үш азаматты ІІБ-ға апарды, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Талдықорғандағы "Мирас" кафесінде сөздері жараспағандардың кикілжіңі төбелеске ұласты, деп хабарлайды Zakon.kz.

5 қарашада сағат 01:30 шамасында мас бірнеше адам 18 жастағы Е. есімді азаматқа дене жарақатын салды, – деді Алматы облыстық полиция департаменті.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі, "Бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу" бойынша СДТБТ-де тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу үш жігіттің "Мирас" кафесінде алкогольді сусын тұтынғанын анықтады. Содан кейін олардың бірі мекеме даяшысымен сөзге келіп қалған. Оның арты жаппай төбелеске ұласқан.

Полиция қызметкерлері күдікті деп танылған 20-25 жастағы үш азаматты ІІБ-ға апарды, тергеу амалдары жүріп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз