Жаңалықтар тізбегі
0

Ұтылған спортшыларға Дикий Арман ақша таратып, жұртты дүрліктірді

olympic.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2021 06:30 olympic.kz
"Жеңіске жеткен чемпиондарға ақша берме. Себебі олар 25 мың доллардан алды ғой".

Жарыста жеңілген жігіттерді Дикий Арман (Арман Жұмагелдиев) жарылқады. Белградта өтіп жатқан былғары қолғап бәсекесінде жолы болмаған боксшыларымызға қылмыс әлемінің серкесі қомақты ақша таратты. Ду еткізген бұл жайтқа қатысты жұрттың пікірі қақ жарылды. Біреулер "Дикий Арман жанына жұмыр жұдырықты жігіттерді қайта жинап жатыр" десе, басқалары "ол спортқа ауыз салғалы жүр" деп топшылауда. Осы сөздер құлағына жетті ме, қайдам, жомарттық танытқан Арманның өзі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео үндеуде ол қасына Бақтияр Артаевты отырғызып алып, қазақтарды қолдайтынын айтады, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасында.

Токио Олимпиадасында толық тоқырауға ұшыраған ел құрамасы, жаттықтырушылар мен боксшыларды ауыстырып еді, команда түрленіп шыға келді. Биыл алғаш рет 13 салмақ дәрежесі бойынша Белградта өтіп жатқан жаһан додасында 10 бірдей оғланымыз ширек финалға жолдама алды. Ал, оның тең жартысы жүлдеге қол созым жерден тоқтады. Осы еңсесі түскен жандарға қолдау бірдірген қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевтің әрекеті қазір қоғамдағы қызу пікірталасқа себеп болды.

"Жеңіске жеткен чемпиондарға ақша берме. Себебі олар 25 мың доллардан алды ғой".

Тіпті, отандастарымыз 4 боксшымыздың финалға шыққанын да ұмытып Дикий Арманның жомарттығын талқылауға көшті. Шет елде бас сауғалап ол Сербия астанасына Халықаралық бокс қауымдастығының құрметті қонағы ретінде шақырту алыпты. Құрамаға қолдау көрсеткен ол жүлдеге қол созым жерден сүрінген жігіттерге өз қалтасынан 7 млн теңгеге жуық сыйақы үлестірген көрінеді.


АРМАН ЖҰМАГЕЛДИЕВ

"Ұтылған балдарға кеше ақша берді деп біраз шу шығып жатыр. Өзімнің қалтамнан берілген ақша. Ал, балдардың еңсесі көтеріліп, дух жағынан да ертең құлап қалмасын деп. Ертең тағы да жарыстар бар. Жап-жас балалар 18 жастағы мықты мықты. Негізі ұтылған жоқ, ұтты. Ол жаман жағынан емес, жақсы жағынан жасалған амал да".

Арман Жұмагелдиевтің бұл әрекетін Олимпиада чемпионы, қазіргі бокстан мемлекеттік жаттықтырушы қызметіндегі Бақтияр Артаев түсіндіруге тырысты.

БАҚТИЯР АРТАЕВ, ҚР БОКС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ, ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ:

"Бір елдің баласы болғаннан кейін бір елдің баласы ұқсап жұмыс жасау қажет. Дұрыс түсініңіздер. Дұрыс бағалаңыздар. Федерация тарапынан жұмыс жасалып жатыр. Арман бауырыма рақмет!. Кеше келіп еңсесі түскен балалардың арқасын қағып, жұбатып інілерім деп құшақтап, осылай сый-сыяпатын жасап жатыр. Оны да дұрыс түсініңіздер. Одан ешкім байып қалмайды. Бірақ, ол өзінің азаматтық борышын орындап жатыр".

Бірақ, Дикий Арманның жомарттығы еліміздің Мәдениет жән спорт министрлігінің қытығына тиген секілді. Ведомство боксқа жауапты тұлғалардан жарыс аяқталған соң жауап алмақшы. Бір сөзбен айтқанда Белградтағы жаттықтырушылардың қызметін май шаммен қарамақ.

"Қазақстан бокс федерациясы Белград қаласында спортшыларды дайындауға, бокстан қазақстандық делегацияны басқаруға және сүйемелдеуге және олардың коммуникациясына жауап береді. Қазір Сербияда Қазақстан бокс федерациясының басшылығы мен жаттықтырушылар құрамы бар, оларға министрлік аталған факті бойынша түсініктеме алу үшін ресми сұрау жіберді".

ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ЖАУАБЫНАН:

Спорт сарапшысы Бек Төлеу қылмыс әлемінің серкесімен кездескен боксшыларымызды қатаң сынға алды. Оның сөзінше, былғары қолғап шеберлері маңызды жекпе-жектерде құрама бапкерлерінен ғана нұсқау алуы қажет екен. Ал, Арман Жұмагелдиевке мұндай мүмкіндік қайдан берілгені де жұмбақ болып тұр.

БЕК ТӨЛЕУ, СПОРТ САРАПШЫСЫ:
"Ал, енді сондай адамның Қазақстан ұлттық құрамасы бокстан ресми құрамасының сапында жүруі және боксшыларға ақыл-кеңесін айтуы, мотивация беруі, тіпті қаржылау қолдау көрсетуі түсініксіз жағдай. Өйткені, біздің боксшыларымызды қолдайтын, оларды жарысқа жіберетін ресми орган бар. Министрлік, Ұлттық олимпиада комитеті бар. + 01:17 Кім көрінген келіп, құраманың есігін аша берсе, әркім келіп ақылын айта берсе ол жерде ешқандай тәртіп болмайды".

Ал биылғы бокс додасы еліміз үшін сәтті өтіп жатыр. Жеңіл салмақтардағы 4 бірдей боксшымыз ақтық сынға жолдама алды. Жалпы, ел құрамасы тәуелсіздік алғалы 15 жаһан біріншілігіне қатысып, 12 алтын жүлдеге ие болыпты. Ал, бүгін Белград шаршы алаңына Теміртас Жүсіпов пен Махмуд Сабырхан шығады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: