Түркия Ататүрікті еске алу күнін атап өтті

Twitter Twitter
Ататүрік латын әліпбиін енгізді, мұсылман мектептерін жойды, әйелдер құқығы үшін күресті.

Түркияда Ататүрікті еске алу күні жыл сайын 10 қарашада тойланады. 1938 жылдың дәл осы күні Түркия өз ұлынан және батырынан айырылды. Түркия Республикасының Тұңғыш Президенті және негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрік резиденциясында қайтыс болды.

Сол уақыттан бері жыл сайын 10 қарашада Ататүрік қайтыс болған кезде – 9 сағат 5 минутта бүкіл ел бойынша бір минут үнсіздік жарияланады. Осы уақытта жол бойымен жүріп келе жатқан жеңіл көліктер, автобустар, пойыздар тоқтайды. Теңіздердегі моторлы кемелер қозғалысын тоқтатады, ал ұшақтар ұшуын кейінге қалдырады.

Ататүрік қазіргі түрік мемлекетінің негізін қалаушы ғана емес, сонымен қатар ХХ ғасырдағы көрнекті халықаралық саяси қайраткер болды. Түркияның халық көсемі билік еткен жылдардағы басты жетістіктері елдің егемендігін алып, еуропаландыруға бағытталған бірқатар маңызды реформалардың жүргізілуі болды.

Ататүрік латын әліпбиін енгізді, мұсылман мектептерін жойды, әйелдер құқығы үшін күресті. 1923-1938 жылдар аралығында билік еткен Мұстафа Кемал Ататүрік өз міндеттерінен шегінбей, түрік қоғамының әлеуметтік, мәдени, экономикалық және саяси құрылымдарында орасан зор өзгерістер жасады.

Түркияның негізін қалаушыны еске алуға арналған жерлеу шаралары әдетте 9 және 10 қарашада жалғасады. Осы уақыт ішінде Түркияның оқу орындарында салтанатты шаралар өтеді. Анкарадағы Мұстафа Кемал Ататүрік ескерткіштері мен оның Аныт қабір бейітіне гүл шоқтары қойылады.

Бұл күндері Түркияның ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық мекемелері жабылып, мемлекеттік тулар түсірілуде. Президенттік симфониялық оркестрдің концерт залында Түркия Президенті Р. Ердоған Ататүрікті еске алу күніне арналған салтанатты шарада естелік сөз сөйледі.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз