Алматыда көлік қағып, 83 жастағы кісі қаза тапты
Zakon.kz
Куәгерлердің айтуынша, марқұм өтуге болмайтын жерде жолдан өтпек болған.
Алматыда жүргізуші 83 жастағы ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалқаман 2 шағынауданында Daewoo Nexia Қонаев көшесімен келе жатып, Бектембаев көшесіне жетпеген тұста көліктің алдына ер адам жүгіріп шықты. Жүргізуші көлікті тоқтата алмай, жаяу адамды қағып кетті.
1938 жылы туған кісі қатты соққыдан аллеяға қарай ұшып кетті. Алған жарақаттарынан ол жедел жәрдем келгенге дейін сол жерде қайтыс болды.
Куәгерлердің айтуынша, марқұм өтуге болмайтын жерде жолдан өтпек болған.
Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеуде. Жай-жапсары анықталуда.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript