Энергетика министрі: алдағы 10 күнде жүйеміз тағы 1150 МВт-қа ұлғаяды

ҚР Энергетика министрлігі ҚР Энергетика министрлігі
Кеңес қорытындысы бойынша Министр бірқатар тапсырмалар берді.

Павлодар облысы Қазақстанның энергетика жүйесіндегі маңызды өңір болып табылады, электр энергиясын өндіру үлесінің 40%-ы соған тиесілі, дейді ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Энергетика министрі Павлодар облысының электр станцияларын аралау барысында кеңес өткізді, онда станциялардың жөндеу науқандарын орындау, Қазақстан Республикасының 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерімін әзірлеу және Батыс Қазақстанның қалалары мен аудандарын елдің Біртұтас энергия жүйесіне қосу туралы мәселелер талқыланды.

Бұған қоса, Министр Екібастұз ГРЭС-1-де бірінші энергия блогын қалпына келтіру және Екібастұз ГРЭС-2-де үшінші энергия блогын салу және Павлодар облысының станцияларында жөндеу жұмыстарын жүргізу жобаларын іске асыру барысымен танысты.

Екібастұз ГРЭС-1 энергия блогын, сондай-ақ Ақсу ГРЭС-індегі турбоагрегат пен қазандық агрегатты жөндеу жүзеге асырылғаннан кейін желіге қосу бойынша дайындық жұмыстары аяқталуда. Ұлттық электр желісіне енгізілетін жиынтық қуат 650 МВт құрайды. Қараша айының соңына қарай Екібастұз ГРЭС-2-дегі энергия блогын жөндеу аяқталады деп күтілуде, бұл елдің энергия жүйесіне тағы 500 МВт қосады.

Министр бұл жұмыстарды 10 күн ішінде аяқтап, энергоблоктарды іске қосуды тапсырды. Осылайша, елдің энергия жүйесі тағы да 1150 МВт электр энергиясына ұлғаятын болады.

Кеңес қорытындысы бойынша Министр бірқатар тапсырмалар берді.

Энергия өндіруші ұйымдарға:

  • жөндеудегі жабдықтарды уақтылы енгізу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау тапсырылды. Бұл ретте жөндеу сапасының төмендеуіне жол бермеу керек;
  • 2022 жылы генерациялайтын жабдықты жоспардан тыс ажырату тәуекелін болдырмау үшін жазғы жөндеу науқанын жүзеге асыруды жоспарлау бойынша мәселені Жүйелік оператормен пысықтауды бастау тапсырылды.
  • Жүйелік операторға ("KEGOC" АҚ) болжамды теңгерімді әзірлеушілермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерімінің қорытынды нұсқасын 15 қарашадан кешіктірмей Энергетика министрлігіне енгізу жөнінде тапсырма берілді.
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз