Экс-министр Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімі тағы ұзартылды

Zakon.kz Zakon.kz
Атап айтқанда, екі айға, яғни 14 қаңтарға дейін ұзартылды.

Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақта ұстау мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот бұлтартпау шарасының күшін жоюға негіз таппады. Сот үйқамақта болу мерзімін ұзарту туралы арызды қанағаттандыру туралы ұйғарым шығарды. Біртанов Елжан Амантайұлының үйқамақта болу мерзімі 14 қаңтарға дейін екі айға ұзартылсын, - деді судья Ақмарал Исаева.

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін Ақпараттандыру платформасын қабылдап, пайдалануға беру арқылы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Қылмыстық іс 133 томнан тұрады.

Біртанов бір жылдан бері үйқамақта отыр. 28 қыркүйекте экс-министрдің адвокаттары Қазақстан президентінен қылмыстық қудалауды тоқтатуды сұрады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз