Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайтына карантинді бұзғандардың тізімі шықты

Zakon.kz Zakon.kz
Нұр-Сұлтанда COVID-19 бойынша "қызыл" және "сары" статусы бар тұрғындар үй карантинін бұзуды тоқтатар емес.

Нұр-Сұлтан қаласында оқшаулау режимін бұзғаны үшін тағы 19 тұрғынға қатысты хаттама толтырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің ресми сайтындағы дерекке сүйенсек, 19 адамға 87 510 теңге (30 АЕК) айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Нұр-Сұлтанда COVID-19 бойынша "қызыл" және "сары" статусы бар тұрғындар үй карантинін бұзуды тоқтатар емес.

Оқшаулау режимін бұзған тұрғындар, ең алдымен, айналасына инфекция көзі болып саналатынын есте ұстауы керек. Өзі жеңіл ауырғанмен өзгелердің өміріне зиян тигізуі мүмкін. Тіпті, соңы өлімге әкелуі мүмкін.

Оқшаулау режимін бұзу негізінен 14-күні тіркеліп жатады. COVID-19 үшін оң ПТР тесті бар барлық адам, сондай-ақ олармен байланыста болған адамдар үй карантинінде 14 күн болуы керек. Карантин оң ПТР тестін алған сәттен басталады және 14 күнге созылады. Азаматтарды қауіпті вирустың одан әрі таралуын болдырмау және өз денсаулығы мен айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілікпен қарауға және карантиннің барлық шараларын сақтауға шақырады, делінген қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз