ШҚО-да өрт кезінде 49 жастағы ер адам көз жұмды

Zakon.kz Zakon.kz
Өрттің алдын ала себебі - мас күйінде темекі шегу кезіндегі абайсыздық.

Глубокий ауданында көпқабатты үйде өрт шығып, Шығыс Қазақстан облысының 49 жастағы тұрғыны қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО ТЖМ хабарлағандай, Нагорная көшесіндегі үйлердің бірінде екінші қабаттағы пәтер отқа оранған. Жалын пәтердегі үй иелерінің жеке заттары мен төсек-орындарын шарпыған.

Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер үйдің үш тұрғынын эвакуациялады, ал қатты түтін шығып жатқан көрші пәтерден 2007 жылғы қызды алып шықты. Сонымен қатар өрт шыққан пәтерден жанған заттардың иісінен улану белгілері бар 1972 жылғы ер адамның денесі табылды, - деп түсіндірді ШҚО ТЖД.

Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндірушілердің екі шаршы метр аумақта шарпыған қызыл жалынды ауыздықтағандарын баса айта кетті. Өрттің алдын ала себебі - мас күйінде темекі шегу кезіндегі абайсыздық.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз