Ұлттық ұлан сарбазы қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогының иегері атанды

ҚР Ұлттық ұлан әскерлерінің әскери институты ҚР Ұлттық ұлан әскерлерінің әскери институты
Таза әрі қызу күресте жан беріп, жан алысқан сайыста Әскери институт курсанттары Үндістан, Иран, Ресей және Өзбекстан спортшыларын сенімді түрде жеңіп, жоғары спорттық шеберлік көрсетті.

ҚР Ұлттық ұлан әскерлерінің әскери институтының курсанты Арапбай Сауран қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогының чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021 жылдың 11-13 қарашасы аралығында Мәскеудегі Ирина Винер-Усманова атындағы гимнастика сарайында қоян-қолтық ұрыстан Әлем кубогы өтті. Оған 30 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Турнир бағдарламасына "дуэль" және "өзін-өзі қорғау" бағдарламалары енді. Ақтық сындағы жекпе-жектер осы сенбіде өтті, деп хабарлайды Петропавл қаласындағы ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының баспасөз қызметі.

Бұл турнирге Қазақстан Республикасының спортшылары да қатысты. Қазақстан құрамасы атынан Ұлттық ұлан Әскери институтының 4-курс курсанты Арапбай Сауран қоян-қолтық ұрыста өнер көрсетті.

Таза әрі қызу күресте жан беріп, жан алысқан сайыста Әскери институт курсанттары Үндістан, Иран, Ресей және Өзбекстан спортшыларын сенімді түрде жеңіп, жоғары спорттық шеберлік көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша 65 келі салмақ дәрежесінде Әскери институттың 4-курс курсанты Арапбай Сауран халықаралық деңгейдегі спорт шебері нормативін орындап, қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогының чемпионы атанды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз