Қазақстанда 14 жасырын есірткі зертханасы анықталды

Zakon.kz Zakon.kz
2021 жылдың қазан айында Қазақстанда синтетикалық есірткіні сақтағаны үшін жаза қатаңдатылды.

Жыл басынан бері Қазақстанның Ішкі істер министрлігі 2 мыңнан астам есірткі қылмысын анықтады, оның ішінде есірткіні өткізудің 1300 фактісі және аса ірі мөлшерде 360-тан астам есірткі сақтау фактісі анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңсыз айналымнан 12,5 тонна есірткі, оның ішінде 5 кг астам героин тәркіленді. Шамамен 9,5 тонна марихуана, 380 кг гашиш және 110 кг синтетикалық есірткі мен сегіз ұйымдасқан қылмыстық есірткі тобы мен 14 жасырын есірткі зертханасының қызметі жойылды, - деп нақтылады ол.

Министрлік еліміздің барлық вокзалдарында "Есірткісіз болашаққа" республикалық акциясының басталуын жариялады.

Акцияның мақсаты – азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына қатысудың салдары туралы хабардар ету.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қазан айында Қазақстанда синтетикалық есірткіні сақтағаны үшін жаза қатаңдатылды. Тіпті бір грамм "синтетика" үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз