Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның солтүстігінде инновациялық жылыжай кешені ашылмақ

"KAZAKH INVEST" ҰК", сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2021 18:40 "KAZAKH INVEST" ҰК"
Бүгінгі таңда Қазақстанның әрбір өңірінде тоқтап тұрған бірқатар өнеркәсіптік базалар бар, олардың аумағында бизнес өкілдері инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік алады.

Көкөніс өсіру бойынша инновациялық жобаны "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ қолдауымен "Green Smart Farm" отандық инвесторы жүзеге асырады. Жалпы құны 3,4 млрд теңге болатын жылыжай кешені 50-ге жуық тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бірінші кезеңде жылдық қуаттылығы шамамен 2200 тонна көкөністі құрамақ.

Бүгінгі таңда компания құрылыс-монтаждау жұмыстарына кірісті. Инфрақұрылым "Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламасы аясында жергілікті биліктің қолдауымен жүргізіледі деп жоспарлануда.

Осы жобаны инвестициялау туралы түпкілікті шешім қабылдамас бұрын, біз үлкен талдамалық жұмыс жүргіздік, оның қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылданды. Бұл өңірде көкөністің барлық түріне үлкен сұраныс байқалады, әсіресе қыста азық - түлік бағасы сәйкесінше жоғары және әдетте бұл өнімнің барлығы оңтүстік өңірлерден импортталады, - деп атап өтті "Green Smart Farm" ЖШС директоры Семен Пак.

Жобаны іске асыру екі кезең бойынша жүргізілмек. Екінші кезең аясында бизнесмен өндіріс қуатын жылына 4 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Ресейге өнім экспортын жолға қою жоспарлануда.

Барлық технологиялық жабдықтар Оңтүстік Кореядан әкелінеді. Біз оңтүстік кореялық серіктестермен бірнеше кездесу өткіздік. Осы жобаны сәтті іске қосқан жағдайда қазақстандық компанияда шетелдік серіктестермен басқа бірлескен жобаларды жоспарлауға тамаша мүмкіндік пайда болады. Бұл жылыжайда жасыл желектің барлық түрлері, соның ішінде салат, аскөк, ақжелкен, балдыркөк, айсберг және т.б. өсіріледі, - деп атап өтті "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ СҚО-дағы өңірлік директоры Данияр Шалабаев.

Бүгінгі таңда Қазақстанның әрбір өңірінде тоқтап тұрған бірқатар өнеркәсіптік базалар бар, олардың аумағында бизнес өкілдері инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік алады.

Мәселен, жобаларды іске асыру шеңберінде "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ инвесторлар үшін қажетті қызметтердің толық спектрін көрсетеді, атап айтқанда, тиісті мемлекеттік қолдау шараларын алуда, сондай-ақ мүдделі компаниялармен және мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізуде және т. б.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: