Тұман, қар, жаңбыр. 16 қарашаның ауа райы болжамы

pixnio pixnio
Маңғыстау облысында көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Синоптиктер 16 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Республиканың басым бөлігінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, бұрқасын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік-батыс және оңтүстік циклондар Қазақстан аумағына әсер етеді. Сол себепті елдің көп бөлігінде қар жауады, оңтүстік пен шығыста жаңбыр жауады. Тек оңтүстік – шығыста және Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы жауын-шашынсыз, - деп хабарлады "Қазгидромет"РМК.

Синоптиктер Маңғыстау облысында көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп болжап отыр.

Алматы облысының оңтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады, облыстың шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.

Атырау облысының солтүстігінде, орталығында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтілуде. Облыстың батысы мен шығысында боран соғып, жел күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында түнде – көктайғақ, облыстың батысында – тұман, облыстың оңтүстігінде – жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының орталығында – тұман, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде – 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады, облыстың батысында – 15-20 м/с дейін жел күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, Қостанай облысының шығысында, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының солтүстік-батысында-тұман, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында – көктайғақ болады.

Дайана Тоқберген

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз