Мамин: Коронавирусқа қарсы міндетті түрде ревакцинация аламын

видеодан алынды видеодан алынды
Бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездескен Асқар Мамин екпені келесі аптадан қалдырмай алуға уәде берді.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин қайта екпе салдыртатынын айтты. Бұл туралы Үкімет басшысы журналистерге берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездескен Асқар Мамин екпені келесі аптадан қалдырмай алуға уәде берді. Кездесуде елдегі эпидемиологиялық жағдай, энергетика тапшылығы, ауыр шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту секілді күн тәртібіндегі өткір мәселелер де қозғалды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ерлан Бекхожин, "Хабар" агенттігі АҚ басқарма төрағасы:

Иә, Асқар Ұзақбайұлы сіздің премьер-министрлікке тағайындалуыңыз қиын кезеңмен тұспа-тұс келді. Түсінемен, сізге артылар жүк ауыр. Соған қарамастан уақыт тауып бізбен кездесу ұйымдастырғаныңызға рақмет. Менің сұрағым: пандемия кезінде денсаулық сақтау саласы мен білім беру саласы ақсады. Осыны түзету үшін Үкімет қандай шара қабылдайды және сіз ревакцинацияға қатысасыз ба?

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

Біз үшін бұл екі саланы дамыту өте өзекті. Қазір бізде 400 мың бала бірінші сыныпқа барса, 100 мың оқушы мектепті аяқтады. Демографиялық әлеуетіміз соңғы 10 жылда екі есе өсті. Сондықтан, алдағы 5 жылда 5 мың мектеп салуымыз керек. Пандемия кезінде 17 аурухана салынды. Біз тағы 20 заманауи орталығын салуды көздеп отырмыз. Ревакцинацияға міндетті түрде қатысамын. Бірінші рет жазда Sputnik V қабылдадым. Қазір қайсысын салдыртатыным туралы нақты шешім қабылдамадым.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз