Жаңалықтар тізбегі
0

Күнбағыс майы бір жылда 56%-ға қымбаттады

pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2021 16:39 pixabay
Ішкі нарықта сату 217 мың тоннаға жетті. Бір жыл бұрынғыға қарағанда 23,8%-ға артық.

Қазақстанда күнбағыс майы бір жылда 56%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зерттеушілердің мәліметтері бойынша, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізде 131 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майы өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4%-ға аз. Сонымен қатар тазартылған май өндірісі бірден 29,7%-ға, 109,8 мың тоннаға дейін ұлғайды.

Өңірлік бөліністе тазартылмаған күнбағыс майын өндіру көлемі бойынша Шығыс Қазақстан (98 мың тонна), Қостанай (10,5 мың тонна) және Ақтөбе (8,3 мың тонна) облыстары көш бастап тұр, - делінген Energyprom.kz хабарламасында.

Тазартылған май шығару бойынша Шымкент (47,3 мың тонна), Шығыс Қазақстан облысы (40,4 мың тонна) және Алматы (17 мың тонна) көш бастап тұр.

2020 жылы елімізде 351,3 мың тонна күнбағыс майы өндірілді. Бір жыл бұрынғыға қарағанда 9,7%-ға артық.

Ағымдағы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар күнбағыс майына сұранысты ішкі нарықты 80,2%-ға қамтамасыз етті.

Импорт үлесіне тиісінше 19,8% тиесілі болды. Елге жыл басынан бері 54,5 мың тонна май әкелінді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,1%-ға аз. Экспортқа 58,5 мың тонна күнбағыс майы жіберілді, жылына минус 25,5%, - деп нақтылады сарапшылар.

Ішкі нарықта сату 217 мың тоннаға жетті. Бір жыл бұрынғыға қарағанда 23,8%-ға артық.

2021 жылдың қазан айында елдің дүкендері мен базарларында бір литр күнбағыс майын 767 теңгеге сатып алуға болады. Бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 56,2%-ға артық. Бір ай ішінде баға 0,3%-ға, жыл басынан бері 29,9%-ға өсті.

Еліміздің ірі қалалары арасында күнбағыс майының бір литрі Атырауда (836 тг), ал арзаны Петропавлда (664 тг) қымбаттады.

Өңірлік бөліністе жылдық динамикадағы бағалар БҚО-да бірден 71,7%-ға, Қостанай облысында 70,9%-ға, Ақмола облысында 69,8%-ға өсті. Ең аз жылдық өсім Қарағанды облысында және Астанада - 44,3%-ға өскен.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: