Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Ахмет Байтұрсынов туралы фильмнің түсірілімі басталды

kazakhcinema.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2021 02:58 kazakhcinema.kz
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы фильм Ахмет Байтұрсыновтың өмірінің барлық кезеңін қамтиды.

Алматыда қазақтың көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, публицист Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған "Соңғы үкім" фильмінің түсірілімі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түсірілім тобын режиссерлер Ерлан Нұрмұхамбетов пен Ерген Тоқмырзин басқарады. Нұрмұхамбетов Пусан халықаралық кинофестивалінде (Оңтүстік Корея) "Ореховое дерево" фильмі үшін "Жаңа ағым" номинациясында бас жүлдені жеңіп алды. Режиссердің соңғы картинасы "Конокрады. Дороги времени" Францияда көрсетілді. Ал Ерген Тоқмурзин көптеген деректі фильмдердің қоюшы режиссері болып жұмыс істеген.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы фильм Ахмет Байтұрсыновтың өмірінің барлық кезеңін қамтиды.

Басты рөлді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды ойнайды. Zakon.kz тілшісі бұрынғы тергеу изоляторының ғимаратында белгілі актермен тілдесе алды.

Бұл фильм ұлт мұғалімі, ағартушы Ахмет Байтұрсынов жайлы болмақ. Оның өмірі, қоғамдағы істері және ең бастысы оның күресі түсіріледі. Бұл мемлекеттің арнайы тапсырысымен түсірілген үлкен көркем фильм. Байтұрсынов жайлы біздің жас ұрпақ осындай фильмдерді көріп өсуі керек. Өйткені Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен күресі ерлікке пара-пар, - дейді басты рөлді орындаушы.
Сондай-ақ, картинада Назгүл Қарабалина, Александр Багрянцев және Ерлан Кәрібаев та бой көрсетеді.
Фильм Алматы қаласы және Шығыс Қазақстан облысында түсірілді. Қоюшы оператор - Марс Омаров. Бас продюсері - Дастан Атығаев. Сценарий авторы - Ғалым Доскен.

Фильмнің негізгі бөлігі келесі жылы түсіріледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: