"Pfizer" салдырамын десеңіз, сатып алыңыз!

Zakon.kz Zakon.kz
Америкалықтар мен немістер бірлесіп жасаған екпенің бір дозасының құны отандастарымыз үшін қаншаға шығатыны белгісіз. Оны министр де болжай алмады. Тек "бағасын бәсекелі орта анықтайды", - деді.

Жақында ғана елге жеткізілген америкалық-неміс екпесін қазақстандықтар ақша төлеп, салдыра алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұны Үкіметте Денсаулық сақтау министрі айтты. Сондай-ақ ол кәмелет жасқа толмағандарды да "Ashyq" жобасына енгізу туралы ой барын жасырмады, делінген "Еуразия" бірінші арнасы жаңалықтарында.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Маңызды шешім қабылданды. Үкімет Pfizer-ді коммерциялық сегментке жіберуді қолдады. Қазір, механизм пысықталып, орын анықталып жатыр. Біз препаратты коммерциялық сегментте пайдалану үшін елдің бүкіл өңірін вакцинамен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.

Америкалықтар мен немістер бірлесіп жасаған екпенің бір дозасының құны отандастарымыз үшін қаншаға шығатыны белгісіз. Оны министр де болжай алмады. Тек "бағасын бәсекелі орта анықтайды", - деді.

Ал Еуроодақ елдерінде "Pfizer" бір екпесін төл валютамызбен санасақ, 9 540 теңгеге сатуда. Ал Қытай билігі өткен жылы-ақ аталмыш сұйық дәрінің 50 миллион дозасы үшін "152 миллион доллар бөлдік" деп жаһанға жар салған еді. Өзге елдер "Pfizer" құнын жасырғандай. Бірақ, сарапшылар "Pfizer"-дің бір жылда 15 миллиард доллар пайда көретінін болжаған еді.

Үкіметте Алексей Цой екпе алмаған жасөспірімдердің де құқығы шектелуі мүмкін деді. Нақты айтсақ, вакцинаны салдырам деп тәуекел еткендер де, оны тәрк еткендер де "Ashyq" жобасына енеді. Демек, кім вакцинаны салдырмаса, көпшілік жиналған ортаға бара алмауы ықтимал.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Қазіргі таңда тек ересектер үшін ғана шектеу бар. Болашақта балалар үшін осындай шектеу енгізу қарастырылып жатыр.

Қазақстанда күні кеше "Pfizer"-ді егу науқаны басталды. Сөйтіп, соңғы тәулікте оны 1560 адам салдырып үлгерген. Жалпы, жыл соңына дейін елімізге осы вакцинаның 4 миллион астам дозасы келеді деп жоспарланған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз