Жаңалықтар тізбегі
0

"Еңбек" еңбектетіп жіберді - солтүстік өңірге көшкендердің мұңы

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2021 05:27 видеодан алынды
Бізді осы жерге тұрғызатын ой жоқ. Біресе мал шығарсақ, малға айыппұл салады, біресе "баланы қарамадың" деп бас салады.

"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасымен дипломын құшақтап, "бала-шағамды асырайын" деп мүлдем басқа аймаққа үдере көшкен ағайынды ешкім құшақ жайып қарсы алмаған. "Барсақ, алтын түгілі бақыр да жоқ" дегендер айдалада сенделіп қалғанға ұқсайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жылы жақтан суық өңірге кетіп, соңында ауылдың желінен емес, адамдарының мінезінен тоңған ағайын мемлекеттік бағдарламаға шағымнан айтар басқа ештеңесі жоқ, делінген "Еуразия" бірінші арнасының жаңалықтарында.

АРАЙЛЫМ ЕЛЕМЕСОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Үй береді ойбай, бір жылға жағдайыңды жасайды. Одан кейін аяққа тұрып кетесің, өзіммен өзің болып кетесің дегенге барғам ғой. Барсақ, алтын түгілі бақыр да жоқ.

МАҚПАЛ ТОҚТАНАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Біз балаларымызды алып 20 декабрь күні мұнда көшіп келдік. Боран болып, жол болмай. Сонымен келген кезімізде үй дайын емес.

Дайын болмағаны былай тұрсын, үйін сол күйі қалдырып, әлі күнге дейін ешкім жөндеп беруге де келген жоқ.

ЖҮСІП ӨМІРЗАҚ, ПОКРОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Үйіміз нашар қазір. Оны ары жөндейміз деп, бері жөндейміз деп құр уәде берді, ештеңе істеген жоқ.

Үш кейіпкер. Жасы да, жынысы да бөлек болғанымен, талап-арыздары бір. Кезінде үшеуі де оңтүстіктен қоныс аударып келген. Бала-шағамды асырайын, жұмыс тауып, жағдайымды жасайын деген бір-ақ үміт қой, сол.

ЖҮСІП ӨМІРЗАҚ, ПОКРОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

37 мыңдық бір жұмыстарын ұсынады, ол қалай тұрмысқа жетеді, ойлаңыздар?

МАҚПАЛ ТОҚТАНАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Жолдасымның тапқаны, шындығына келгенде, кредитті жабуға ғана жетеді. Біз осында келгелі кредит алғанбыз амалсыз. Пеня өсіп кеткен, әрең жауып жатырмыз қазір, жартысына келіп.

Ал алыстан келгесін, қалай да күнімді көрейін деп, табылған жұмысқа жармасқан ағайынға күн көрсететін түрлері жоқ көрінеді.

ЖҮСІП ӨМІРЗАҚ, ПОКРОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бізді осы жерге тұрғызатын ой жоқ. Біресе мал шығарсақ, малға айыппұл салады, біресе "баланы қарамадың" деп бас салады.

МАҚПАЛ ТОҚТАНАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Қамқоршылық бөлімінен адамдар келді, үйге келіп тексерді, үйдің жағдайын қарады.Ескерту жасап кетті, балаларыңызды қарап үйде отырыңыз дейді, қараусыз қалдырмаңыздар балаларыңызды деді.

Осылайша, мемлекеттік бағдарламаның шапағатын көрем дегендердің шағымнан басқа айтары жоқ. Алайда жауаптылар жобасына шаң жуытудан аулақ. Бәрі жоспар бойынша орындалып жатыр, - дейді. Соңғы бес жылда оңтүстіктен теріскейге 170-ке жуық отбасы қоныс аударыпты.

БИБІГҮЛ ҚАСЕНОВА, МАМЛЮТ АУДАНЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бағдарлама жақсы, мемлекеттің берген көмегі жақсы - қоныс аударамыз деген кісілерге. Бірақ, келген кісілерде, негізінен мәселесі көп, диломы бола тұра, тәжірибесі жоқ, жұмысқа шыққысы келмейді.

Сарапшылардың сөзінше, алдағы 30 жылда оңтүстіктегі халық тығыздылығы 4 есеге артады. Сол үшін "Еңбек" бағдарламасы уақытылы басталған әрі алдағы кезде де жалғасын таба береді. Бірақ, кейіпкерлеріміздің айтқан талап-арызы ескеріле ме, бұны енді алдағы уақытта көре жатармыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: