Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда қар жауа бастады

Алматы қаласының әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2021 22:44 Алматы қаласының әкімдігі
Синоптиктердің болжамынша, қар 18 қараша күні таңертеңге дейін жауады.

Алматыда қар жауа бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаланың тұрғын үй саясаты басқармасының мәліметінше, 1482 жол жұмысшысы мен 554 арнайы техника қар тазалауға жұмылдырылған.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, тұрақ қалталарын, жалпы пайдалану орындарын тазалау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Түнгі уақытта 17-18 қарашада 491 бірлік арнайы техника, оның ішінде 183 құм шашқыш және 323 жол жұмысшысы шығарылады деп жоспарлануда. Аудандық әкімдіктер мен мердігер кәсіпорындарда қар тазалау жұмыстарының бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, деп нақтылады ведомстводан.

Синоптиктердің болжамынша, қар 18 қараша күні таңертеңге дейін жауады.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: