Оралда Франкфурттан ұшып келген ұшаққа "мина қойылды"
Zakon.kz/Павел Михеев
Терроризмге қарсы шұғыл-тактикалық оқу-жаттығу өткен екен.
Франкфурттан ұшып келген ұшақ Оралда "миналанған", деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мой город" порталына оқиға куәгері хабарлағандай, 17 қарашада сағат 23:00-де әуежайда жарылғыш зат салынғаны туралы хабарлама салдарынан Франкфурт-Орал рейсі кешіктірілді.
Мен әуежайда басынан бастап болдым. Бәрі менің көз алдымда болды. Полицейлер қарбаласып жүрді, сосын шекарашылар, арнайы жасақ, камуфляж киген әскери адамдар келді. Полиция бізден екінші қабаттан бірінші қабатқа, содан кейін көшеге түсуді, тіпті кейінірек қауіпсіз аймаққа кетуді сұрады, - деді ол.
Облыстық Полиция департаменті 17 қараша күні сағат 22:00-де "Ақжол" әуежайының аумағында мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен терроризмге қарсы шұғыл-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілгенін хабарлады.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript