Депутаттар сынынан соң футбол басшылығы шалт мәлімдеме жасады

pixabay.com pixabay.com
Сонша бұлдаған мемлекет қаржысынан олар бас тартты. "Ақша табудың басқа жолын қарастырамыз", - дейді федерация басшылығы.

Футбол федерациясының басшысы мемлекет қаржысынан бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азамат Айтхожин, ҚФФ Бас хатшысы:

Жатын орынға, тамақтануға, әрі-бері жүруге, тағы да сол сияқтыларға 1 миллиард 200 миллион бөлінеді. Егер сіз тәжірибелі, қымбаттау футболшыларды тартатын болсаңыз, ол демеушілер, инвесторлар және жарнама берушілер тарапынан болуы тиіс. Қазақстандық футбол өмір сүреді, бірақ өте қиын болады. Болмашы ғана ақшадан деңгейіміз түсетіні анық.

Егер футбол клубтары әрі қарай өздері үшін дамуды ойласа, онда қалталы демеуші іздеуі керек. Қазір Қазақстан чемпионатына қатысушылардың барлығы дерлік қазына қаржысына күн көріп отыр. Жыл сайын жергілікті билік, сондай-ақ ұлттық компаниялар миллиондаған ақша бөледі. Бірақ футболшылар аса қуантарлық ойын көрсетіп жүрген жоқ, Көптің қытығына тиетіні де осы, делінген КТК жаңалықтарында.

Мәселен, француздармен болған соңғы матч. Тіпті депутаттар да кеше наразы болды. Мәжілісмендер спорттағы шенеуніктерді бюджет қаражатын ысырап етті деп айыптауда. Футбол федерациясы енді мемлекеттік қаржыландырудан бас тартпақшы. "Ақша табудың басқа жолын қарастырамыз", - дейді федерация басшылығы.

Азамат Айтхожин, ҚФФ Бас хатшысы:

Жаңа жылдан бастап біз мемлекеттік қаржыландырудан толық бас тарттық. Ол үшін Қазақстан футболын дамыту үшін стратегиялық жоспар құрдық. Бәрі сатылай дамиды. Ал қаржыны демеушілер, инвестрлар арқылы тартпақпыз. Бұдан бөлек, белгілі бір талаптарды орындағанымыз үшін ЕФА тарапынан алар ақшамыз бар. Телетрансляциялардан түсетін қаржыны да ұмытпауымыз керек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз