Билл Гейтс: 2022 жылы коронавирустан өлім-жітім азаяды

instagram / thisisbillgates instagram / thisisbillgates
Гейтс болашақта пандемия қаупін азайту үшін ғалымдарға алдымен тұмау ауруын жоюды ұсынды.

Билл Гейтс 2022 жылдың ортасына қарай COVID-19-дан өлім-жітім саны тұмау деңгейіне дейін төмендеуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Сингапурда өтіп жатқан "Жаңа экономикалық форумда" сөз алған миллиардер иммунитет пен дәрі-дәрмектің арқасында короновирустан көз жұму саны күрт төмендеуі керек деген пікірді алға тартты.

Гейтстің айтуынша, 2022 жылы халықты вакциналауға қатысты шектеулер өзгереді. Өйткені жеткізу мәселелері шешіліп, оларды тарату мен бөлу жағы ғана мәселе боп қалады. Сонымен қатар Майкрософт негізін қалаушы алдағы уақытта орталық және Оңтүстік Африка елдерінде вакцинаға сұраныстың артатынын айтты.

Бұдан бөлек Гейтс болашақта пандемия қаупін азайту үшін ғалымдарға алдымен тұмау ауруын жоюды ұсынды.

Айта кетейік, қыркүйек айында Бил Гейтс алдағы уақытта әлем COVID-19 пандемиясынан он есе қауіпті дертпен күресуге дайын болу керектігін мәлімдеген еді. Оның пікірінше, коронавирус та жер сілкінісі, торнадо немесе климаттың өзгеруі секілді қалыпты жағдайға айналды.

Әріпжан Әли

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз