Жаңалықтар тізбегі
0

Қырғызстандағы сайлау: 6 партия парламентке өтті

Парламент сайлауы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2021 09:33 kenesh.kg
Алдын ала мәлімет бойынша.

Қырғызстанда өткен парламент сайлауының алдын ала нәтижесі бойынша, Жогорку кеңешке алты партия өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпарат құралдары бір жылдан астам уақыт ішінде төртінші рет дауыс берген Қырғызстанда аталған сайлауды белсенділігі ең төмен сайлау ретінде атады, деп жазады centralasian.org.

Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметінше, Жогорку кеңешке 5 пайыздық межені бағындырған алты партия өткен:

  • "Ата-Жұрт Қырғызстан" - 16,85%

  • "Ишеним" - 13,40%

  • "Ынтымақ" - 10,74%

  • "Альянс" - 8,12%

  • "Бүтін Қырғызстан" - 6,70%

  • "Иман нұры" - 5,98%

ОСК 28 қарашада кешке бастапқыда парламентке 10 партия өткенін хабарлаған. Кейін деректер жойылып, ведомство техникалық ақау болғанын айтты. Ізінше, алты партияның парламентке өткені жөнінде ақпарат шықты. Жогорку кеңешке өткен партиялардың басым бөлігі билікті қолдайтын саяси ұйымдар.

Бір палаталы Жогорку кеңештегі 90 орынның 54-і – саяси партиялар тізімі бойынша, қалған 36-ы бір мандаттық округ бойынша сайланады. Сайлаушылар тек партияға ғана емес, партиядағы нақты кандидатқа да дауыс бере алды. Әзірге қай кандидаттың алда келе жатқаны белгісіз.

Бір мандаттық округ бойынша да дауыс беру нәтижесі біртіндеп жарияланып жатыр.

Ақпарат құралдары бір жылдан астам уақыт ішінде төрт рет дауыс берген Қырғызстанда аталған сайлауды белсенділігі ең төмен сайлау ретінде атады. 28 қарашада кешке ОСК сайлауға шамамен бір миллионнан астам адам қатысқанын хабарлады. Бұл дауыс беруге құқығы бар елдегі 3,7 млн адамның 30 пайызға жуығын құрайды.

Дегенмен заңда сайлауға қатысу белсенділігіне қатысты шектеу жоқ. Яғни, қанша адам қатысса да сайлау өткен болып есептеледі.

Жексенбі күні Қырғызстанда барлығы 2435 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Одан бөлек, әлемнің 29 елінде қырғыз азаматтары сол жақтағы 59 сайлау учаскесінен дауыс берді. Оның 20-сы қырғыз мигранттары көп шоғырланған Ресейде орналасқан.

Сайлауды бақылаған "Клоп медиа" ұйымы кешкі сағат 19:00 шамасында сайлауда 357 заң бұзушылық тіркегенін хабарлады. Дауыс сатып алу, сайлау учаскесінде кандидаттарды насихаттау, дауыс берушілер мен бақылаушыларға қысым көрсету сияқты әрекеттер жиі ұшырасқан. Ішкі істер министрлігіне түскен 15 шағым тексеріліп жатыр. Дауыс сатып алу бойынша жеті іс сотқа жіберілген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: