Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда кеңседен сейф ұрлағандар видеоға түсіп қалды

Бейнебақылау камерасына түсіп қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2021 15:20 Сурет: Zakon.kz
Ұсталған 26 және 28 жастағы екеу осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын сотты болған болып шықты.

Алматылық фирмалардың бірінің кеңсесіне біреулер ұрлыққа түсіп, бұл ұрымтал сәт көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адамдар ақша толы сейфті терезеден лақтырып, ұрлап әкеткен.

Қаскөйлердің кеңсеге ұрлыққа түспек болған алғашқы әрекеті сәтсіз болған. Бұл сәт те бейнебақылау камерасына түскен. Олардың бірі екінші қабатқа көтеріліп, пластикалық терезені бұзып ашып, ішінен сейфті көтеріп алып шығып, сыртқа лақтырады. Оны сыртта екіншісі күтіп тұрады. Осылайша олар 1,5 млн теңгеден астам соманы олжалайды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер ұсталды. Алмалы аудандық ПБ бастығы Есен Ысқақов

Ұсталған 26 және 28 жастағы екеу осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын сотты болған болып шықты.

Құзырлы ведомство ұсталғандарға бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша айып тағылғанын жеткізді. Олар қамауға алынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: