Қырғызстанға кіру үшін ПТР-тест тапсыру міндеттелді

Қырғызстан Фото: gov.kg
Үкімет бұл тыйымдар елдегі коронавирустың жаңа штаммын кіргізбеудің амалы екенін айтты.

Қырғызстанға кіру үшін азаматтар енді міндетті ПТР-тест тапсыру қажет. Бұл ереже 1 желтоқсаннан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғыз Республикасы үкіметінің баспасөз қызметі 1 желтоқсаннан бастап азаматтардың вакцинация паспорты болғанына қарамастан, ПТР-тесттің теріс нәтижесімен ғана елге кіргізетінін жариялады. Бұл ереже тек шетелдіктер үшін ғана емес, Қырғызстан азаматтарына да міндеттелді.

Қырғыз денсаулық сақтау министрлігі «Омикрон» штаммының жұқтыру ошақтары тіркелген елдер тізімдерін ҰҚК шекара қызметіне жіберетін болады. Сөйтіп, Қырғызстан елдегі эпидемиологиялық ахуалды қадағалайтын болады.

Жаңа штамм ошақтары көп тіркелген ел азаматтары Қырғызстан Республикасының аумағына кіргізілмейді. Қырғызстан республикасының үкіметі

Үкімет бұл тыйымдар елдегі коронавирустың жаңа штаммын кіргізбеудің амалы екенін айтты. «Омикрон» штаммы елге келген жағдайда да тиісті министрліктер дайын болуы керек, деп қосты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз