Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда карантиндік шаралар күшейтілді

Карантин , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2021 20:50 Zakon.kz/Павел Михеев
Жаңа қаулы 2021 жылы 3 желтоқсанда 00:00-де күшіне енеді.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз ету бұйырылған: оларды ертіп алып жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтама (бұдан әрі – Анықтама) бар болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды, Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын, құжаттамалық растауды ұсынған, Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған азаматтарды қоспағанда барлық келетін адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде нәтижесін берген күнінен бастап 3 тәуліктен астам уақыт өтпеген теріс нәтижесі бар (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі) Анықтаманы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде ұсынуға міндетті.

Бұл ретте, оларды ертіп алып жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтама (бұдан әрі – Анықтама) бар болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды, Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда Израиль, Чехия, Нидерланды, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада, Бельгия және Египет елдерінен келген азаматтар COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсының бар-жоғына қарамастан, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 72 сағаттан ерте емес ПТР әдісімен алынған COVID-19 тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынуға міндетті.

Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, шетелден Қазақстан Республикасына халықаралық жолаушылар авиарейстерімен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары осы қаулыға сәйкес жүргізіледі;

Халықаралық транзитпен жүретін жолаушылар транзиттік аймақтан шықпайды және соңғы межелі пунктте шектеу шараларын жүргізуге жатады.

Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін (Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда) барлық адамдар термометриядан, сауалнамадан өтеді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде нәтижесін берген күнінен бастап 3 тәуліктен астам уақыт өтпеген (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі) ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтаманы (бұдан әрі – Анықтама) ұсынуға міндетті.

Оларды ертіп алып жүретін адамдарда Анықтама бар болған кезде 5 жасқа дейінгі балалардан, сондай-ақ құжаттамалық растауды ұсынған кезде Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған азаматтардан Анықтама ұсыну талап етілмейді.

Бұл ретте, оларды ертіп алып жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтама (бұдан әрі – Анықтама) бар болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды, Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда Израиль, Чехия, Нидерланды, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада, Бельгия және Египет елдерінен келген азаматтар COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсының бар-жоғына қарамастан, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 72 сағаттан ерте емес ПТР әдісімен алынған COVID-19 тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынуға міндетті.

Авиакомпания басшылары оларды ертіп алып жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтама (бұдан әрі – Анықтама) бар болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды, Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы бар-жоғына қарамастан, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде 72 сағаттан ерте емес алынған теріс нәтижесі бар Анықтаманы ұсынбаған, осы қаулыға қосымшаға сәйкес шетелден келген жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жол бермеуі тиіс;

Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:

1) осы қаулыға қосымшада көрсетілген елдерден Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде барып келген адамдарды 7 күнге үйде оқшаулауды (үй карантині) қамтамасыз етсін. Үй карантиніне оқшаулау ПТР әдісімен CОVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтаманың және CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың бар-жоғына қарамастан жүргізіледі;

2) осы қаулыға қосымшада көрсетілген елдерге соңғы 14 күн ішінде барып келген адамдарды 7 күн бойы медициналық бақылауды қамтамасыз етсін.

Қаулы 2021 жылы 3 желтоқсанда 00:00-де күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: