Жаңалықтар тізбегі
0

Ақша айырбас орындары қауымдастығы валюта тапшылығы туралы сыбысты жоққа шығарды

Доллар, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2021 21:39 Zakon.kz
Алайда ол 1 желтоқсандағы мереке күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында техникалық ақаулар орын алғанын атап өтті.

Ақша айырбас пункттері қауымдастығының президенті Аршын Ғалымбаев Қазақстанда шетелдік валюта жеткілікті екенін айтып, осы негіздегі сыбысты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еліміздегі ақша айырбастау орындарында халықтың ақшасын айырбастау үшін валюта жеткілікті. Ақша айырбас пункттері қауымдастығының президенті Аршын Ғалымбаев

Алайда ол 1 желтоқсандағы мереке күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында техникалық ақаулар орын алғанын атап өтті.

Мәселе мынада, жүйе келесідей жұмыс істейді, ақша айырбастау пункттері бар банктер шетел валютасын сату бойынша келісім жасайды, яғни егер сіз уәкілетті ұйымның (ақша айырбастау пунктінің) басшысы болсаңыз, банкпен келісімге отырасыз. Осы шартқа сәйкес, валютаны көтерме бағамен, яғни таблодағы бағамен емес, жеңілдікпен сатып ала аласыз. Ақша айырбас пункттері қауымдастығының президенті Аршын Ғалымбаев

Ақша айырбас орындары осындай шарт жасасып, екінші деңгейдегі банктердің қызметіне жүгінеді. Ақша айырбас пункті басшысының таңдауы бойынша бірнеше банкпен осындай шарттар жасалуы мүмкін.

Әдетте, мерекелік күндердің алдында осындай өтінімдердің көлемі көп болады, бұл жолы осы жайт техникалық ақауларға жол берді.

Барлығы бүгін мәмілелерді жабуға тырысады әрі бүгін айдың соңы дегендей. Барлығы бір мезетте қабаттасып кетті, менің ойымша, ертең, бейсенбіде бұл мәселе шешіледі. Көптеген ақша айырбас пункттері валютаны ЕДБ-дан сатып алды, өз қажеттіліктеріне сай тапсырыс берді, осы жағынан алғанда ақша айырбас орындарында валюта жеткілікті. Кейбір жағдайларда, мысалы, банктердің кассаларында барлық адамдарға (айырбастау пункттеріне) қызмет көрсетуге уақыт тапшы да болуы мүмкін. Мысалы, банк уәкілетті ұйымдарға бір кассир бөледі, сонымен қатар жеке тұлғалар да бар дегендей. Яғни, банк ақша айырбасы тарапынан түскен көлемді физикалық түрде санап үлгермейді. Тура солай болды деп нақты айта алмаймын, бірақ сондай жағдайлар да орын алып жатады. Ертең – мереке күні, қандай да бір іркілістер орын алуы әбден ықтимал, бұл – осы ақша айырбас пункттері мен банктердің өзіне қатысты проблема. Сондықтан бейсенбіде валюта кассада болады деп сендіріп айта аламын. Ақша айырбас пункттері қауымдастығының президенті Аршын Ғалымбаев

Ол ақша айырбас пункттерінде бір жылдан астам уақыт бойында мынандай міндет барын еске салды: егер ақша айырбас пунктінің кассасында шетелдік валюта болмаған жағдайда, онда ұйым өзінің қызмет көрсетуден бас тарту себебін емес, қазіргі уақытта кассада клиент сұраған соманың жоқтығын растап, еркін үлгідегі анықтама беруі тиіс.

Анықтамада кассир былай деп жазады: "Осы анықтама 18:00-де осындай мекенжай бойынша берілді, кассада 10 мың доллар жоқ". Содан соң мөрі мен қолы қойылады.

Кассада болуы тиіс ақшаның шекті лимиті бар, ақша айырбас пунктінің кассасында шетел валютасы түгесілген кезде оны қайта толықтыру қажет, – деп сөзін түйіндеді Ғалымбаев.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: