Жаңалықтар тізбегі
0

2021 жылдың соңғы айында ауа райы қандай болады

2021, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2021 22:00 Pixabay
Айдың екінші және үшінші онкүндігінде еліміздің солтүстік жартысында және таулы аймақтарында қалың қар жауады.

Желтоқсан айында еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы нормадан ауытқып, 1°С жоғары болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айдың басында Скандинавия аймақтарынан ойысып жеткен солтүстік-батыс циклондары әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Қазақстан аумағында, негізінен, қар аралас жауын-шашын күтіледі.

Желтоқсанның алғашқы күндерінде республикамыздың солтүстігінде сынап бағаны түнде -10-18°С-тан 0,-8°С-қа дейін, күндіз -3-8°С-тан -5+5°С-қа дейін көтеріледі.

Батыс өңірлерде температура, керісінше, түнде 0,-8°С дейін төмендейді, күндіз 0,+7°С жылы болады.

Айдың ортасында еліміздің оңтүстік-шығыс жартысының таулы аймақтары мен тау бөктерінде қатты жауын-шашын болады деп болжанады. Жел екпіні 15-23 м/с дейін күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап Солтүстік-Батыс антициклонының Баренц теңізі аудандарынан ойысып жетуіне байланысты температураның күрт төмендеуі күтіледі:

  • батыста, солтүстік-батыста түнде -7-15°С дейін, күндіз -5-11°С;

  • солтүстікте, орталықта, шығыста түнде -18-26°С дейін, күндіз – 10-18°С дейін;

  • оңтүстік-батыста түнде 0,-5°С дейін, күндіз +2+7°С;

  • бірінші онкүндіктің соңында оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде -5-13°С-ге дейін, күндіз -0-5°С-ге дейін суытады.

Бірінші онкүндіктің соңында және екінші онкүндіктің басында Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы аудандардан жылы ауа массалары шығып, аяздың беті қайтады деп болжанады.

Айдың үшінші онкүндігінде республикамыздың солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде түнде -27-35°С, күндіз 18-25°С дейін аяз күтіледі, Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы түнде -5-15°С-тан 0,-5°С-ге дейін, күндіз -0, -10°С-тан 0,+5°С-ге дейін өзгереді.

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде еліміздің солтүстік жартысында және таулы аймақтарында қалың қар жауады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: