Шымкентте Тұңғыш Президент күні қарсаңында 483 отбасы баспаналы болды

Шымкентте пәтер Шымкент әкімдігі
Шымкент қаласы тұрғын үй құрылысы бойынша республикада алдыңғы қатарда көрініп келе жатқан аймақтардың бірі.

Шымкентте Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Шаңырақ» жеңілдетілген несиелік бағдарламасы бойынша 483 пәтерден тұратын 10 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұран шағынауданында орналасқан бұл үйлерде тұрғындарға барлық жағдай жасалған. Жол, су, электр қуаты мен өзге де инженерлік – коммуникациялық желілер тартылған. Шағынауданға қоғамдық көлік қатынап тұр.

Пәтер кілттерін иелеріне тапсыруға арналған салтанатты шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов қатысып, тұрғындарды қуанышымен құттықтады.

– Баршаңызды 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын. Елбасының сара саясатының арқасында бүгінде халықтың әл-ауқатын жақсарту, өмір сүру сапасын арттыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Шымкент қаласы тұрғын үй құрылысы бойынша республикада алдыңғы қатарда көрініп келе жатқан аймақтардың бірі. Бүгінде қалада 88 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізіліп, соның ішінде «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 1 728 пәтерлі 27 тұрғын үй салынды. Бұған дейін, осы бағытта 17 үй тұрғындардың игілігіне тапсырылған болса, бүгін қалған 10 үйде қоныс тойы тойлануда. Жалпы, өткен жылы Шымкентте 650 мың шаршы метрге жуық баспана салынған болса, биыл бұл көрсеткіш 1 миллион шаршы метрге жетті. Бұл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына лайықты тарту. Мәулен Айманбетов

Қала әкімінің орынбасарының айтуынша, биыл Шымкентте баспанаға мұқтаж азаматтарды қолдау мақсатында тұрғын үй сертификаттары үлестірілген. Қайтарымсыз негізде берілетін әрқайсысы 1 миллион теңгелік бұл сертификатта ипотекалық несиеге алынатын пәтердің бастапқы жарнасын құю кезінде пайдалануға болады. Осы мақсатқа бюджеттен 500 миллион теңге бөлінген. Әзірге 259 азамат аталған сертификаттарды пайдалана отырып қол жеткізген.

Айта кетейік, «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша берілетін пәтердің бастапқы жарнасы 10 пайызды құрайды. Ипотекалық несие жылына 5 пайыздық мөлшерлемемен 20 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бұл бағдарламаға қатысу үшін тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың отбасылық ортақ табысы күнкөріс минимумының 3,7 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Ал егер отбасының табысы төлем қабілетін растауға жетпесе, туысы немесе жақыны өз табысын көрсете отырып, кепіл бола алады.

Баспана

Шымкент әкімідігі

Шымкент

Шымкент әкімідігі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз