Байқоңырда бас дәрігер өзіне 2,5 млн теңге сыйақы жазып алды

Байқоңыр көпсалалы ауруханасы pixabay
Ол өзіне заңсыз сыйақы аударған екен

Байқоңырда көпсалалы аурухананың бас дәрігеріне қатысты бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену ісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz. 

Тергеу барысында 2020 жылдың желтоқсан айында Байқоңыр қаласындағы көпсалалы аурухананың бас дәрігері лауазымын пайдаланып, өзіне заңсыз сыйақы аудару арқылы аталған медициналық мекемеге тиісті қаражаттан 2 млн 500 мың теңге көлемінде қаржы ұрлағаны анықталды. «Байқоңыр» прокуратурасы

Қазір қылмыстық іс бойынша жасалған әрекеттің мән-жайы анықталып, «Байқоңыр қаласының көпсалалы ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына келтірілген материалдық шығынды өтеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз