Жаңалықтар тізбегі
0

Зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі неге өзгерді?

Зейнетақы жинағы, ең төменгі жеткіліктілік шегі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2021 14:48 Сурет: pixabay
Бұл сұраққа «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов жауап берді

2022 жылдың1 қаңтарынан зейнетақыны мерзімінен бұрын пайдалануға қажетті жеткіліктілік шегі өседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021 жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына қол қойылды, онда 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді ұлғайту көзделген. Ең төменгі жалақы қазіргі 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін көбейетін болады. Сондай-ақ, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері және басқа да әлеуметтік көрсеткіштер өсті.«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңда «зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі - міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған, ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес ең төмен мөлшері» деп белгіленген.

Ең төменгі жеткіліктілік шегі Қазақстан Республикасы үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы (2021 жылы 6 қаңтарда түзетулер мен толықтырулар енгізілді) №1042 қаулысымен бекітілген Әдістемеге (2021 жылдың 6 қаңтарындағы өзгерістерімен және толықтыруларымен) сәйкес жыл сайын қайта есептеліп отырады және БАҚ-та жарияланады.

Бекітілген Әдістемеге сәйкес, ТЖШ мөлшері әрбір жас ерекшелігі үшін анықталады және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуін (индекстелуін) ескереді. Есептеуде ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. Осыған байланысты ТЖШ мөлшері аталған көрсеткіштердің жыл сайын өсуін ескере отырып есептеледі. «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов

Бұл көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты Үкіметтің қолданыстағы қаулысына сәйкес 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ТЖШ шамалары қайта есептелді. ТЖШ асатын сомасы бар азаматтар өз жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалана алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: