Microsoft қолданушылардың браузерді таңдау құқығын қайта қалпына келтіреді

Microsoft, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2021 22:56 Сурет: pixabay
Тиісті өзгеріс жаңа операциялық жүйенің жаңадан құрастырылған кезекті Insider-інде пайда болды

Microsoft Windows 11 үшін тізбек бойынша браузерді жеңілдетілген жолмен таңдау мүмкіндігін қайта қалпына келтіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Verge басылымы жазғандай, жақында Windows 11 пайдаланушылары батырманы бір рет басып-ақ қалауы бойынша браузерді өзгерте алады.

Тиісті өзгеріс жаңа операциялық жүйенің жаңадан құрастырылған кезекті Insider-інде пайда болды.

Бұрын компаниядағылар қолданушыларға көбірек бақылау функциясын беру ниетінде жекелеген сілтемелер түрлерін қолмен реттеу тәсілін ұсынып келген. Brave, Opera, Firefox және Chrome-дағы бәсекелесуші браузерлерді құрастырушылар бұдан кейін шағымды үдеткен.

Бұрын Майкрософт браузерлерге қатысты күрделі мәселелерге тап болды: 2008 және 2013 жылдары Еуропалық Одақ билігі браузерлерді таңдау еркіндігі туралы монополияға қарсы заңнаманың талаптарына сай еместігін көрсетіп, компанияға айыппұл салған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: