Қазақстанда инвестиция тарту үшін қандай шаралар қабылданып жатыр

Қазақ инвест «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ
Шетелдік капиталды ел экономикасына тартудан бұрын, әлеуетті инвесторларға мемлекет туралы жалпы ақпарат беру қажет

Жоғары инвестициялық тартымдылық кез келген мемлекеттің экономикалық тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің кепілі. Мемлекетке келетін инвестициялар ағыны неғұрлым көп болса, сол елдің даму перспективалары соғұрлым жоғары болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемдік бизнес-қоғамдастық үшін мемлекеттің бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеу үшін саяси, экономикалық факторлардан бөлек, елдің инвестициялық әл-ауқатының тартымдылығын мемлекеттік деңгейде арттыру қажет, яғни брендін қалыптастыру қажет. Еліміздің имиджін халықаралық аренада ілгерілетудің қаншалықты маңызға ие екенін «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ протокол және маркетинг бөлімінің басшысы Болат Садықов Болат Садықов айтып берді.

Бүгінде Қазақстан өзін әлеуетті инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекет ретінде танытып келеді. Мемлекет брендінің әлемдік аренадағы танылу деңгейі – сол елдің экономикалық процестерге интеграциялануына байланысты. Осы тұста негізгі маңызға әлеуметтік және саяси тұрақтылық, инвестициялық климат, транзиттік әлеует ие екенін ерекше атап өту қажет.

Спикердің айтуынша, Еуропалық Одақтың «Eurostat» статистикалық қызметінің деректері ел экономикасына келетін шетелдік инвестициялар көлемінің ұлғаюы – ел брендінің деңгейіне тікелей байланысты екенін көрсетеді.

«Шетелдік капиталды ел экономикасына тартудан бұрын, әлеуетті инвесторларға мемлекет туралы жалпы ақпарат беру қажет. Бұл инвесторларға елге қатысты қандай да бір ой, пікір қалыптастыруға көмектеседі. Сол арқылы шетелдік бизнес-қауымдастықтың мемлекет аумағында әлеуетті жобаларды жүзеге асыруға деген қызығушылығы туындайды. Осы мақсатта KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы құрылды. Компанияның негізгі міндеттерінің бірі еліміздің халықаралық аренадағы инвестициялық имиджін дамытуға негізделген», - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ протокол және маркетинг бөлімінің басшысы Болат Садықов

Қазақстанның имиджін әлемдік қоғамдастыққа танытудың, сонымен қоса инвесторлармен белсенді жұмыс жүргізудің маңызын негізге ала отырып, KAZAKH INVEST ірі инвесторлардың мақсатты сапарларын ұйымдастырады, ауқымды деңгейдегі инвестициялық іс-шараларды, сондай-ақ шетелдік компания өкілдерінің қатысуымен бизнес-форумдарды және т.б. шараларды өткізеді. Атап айтқанда, ағымдағы жылы компания Бельгия, Швейцария, Сауд Арабиясы, АҚШ, Испания, Бразилия, Дания, Чехия, Польша, Германия, Оңтүстік Корея және т.б. елдердің бизнесінің қатысуымен инвестициялық іс-шаралар өткізілді.

«Соңғы 11 айда осы тектес форматта 10-ға жуық тақырыптық вебинар, АҚШ, Швейцария, Ресей Федерациясы, Израиль, Португалия, Түркия, Катар, БАӘ, Швеция және т.б. әлеуетті шетелдік инвесторлардың 70-тен астам сапары ұйымдастырылып, 50-ге жуық шетелдік делегация өкілдерінің сапарын сүйемелдеу қамтамасыз етілді». Болат Садықов - «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ протокол және маркетинг бөлімінің басшысы

Жоғарыда аталған шаралар мен сапарлардың нақты қорытындылары Қазақстан экономикасына жаңа инвесторларды тартуға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын құруға, бюджетке түсетін салық көлемін арттыруға, елдің экспорттық әлеуетін ұлғайтуға, сондай-ақ әлемдік нарықта қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеруге жағдай жасады.

Сонымен қоса, аталмыш деңгейдегі шаралар әлемнің негізгі өңірлерінен әлеуетті аудиторияны ынталандыруға, мемлекет үшін тиімді болатын бизнес-мүмкіндіктерді ұсынуға, халықаралық инвесторлармен екіжақты ынтымақтастық орнатуға, елдің мәдениетаралық байланыстары мен іскерлік беделін нығайтуға, форум қонақтарына decision-мейкерлермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

«2017 жылдан бастап KAZAKH INVEST Орталық Азиядағы ең ірі инвестициялық іс-шара – «Жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстел» (KGIR) өткізіп келеді. Бұл іс-шара өзін мемлекет пен халықаралық инвестициялық қоғамдастық арасында тиімді диалог орнатуға ықпал ететін алаң ретінде танытып келеді. COVID-19 жағдайын ескере отырып, биыл KGIR-ді гибридті, яғни аралас форматта өткізу туралы шешім қабылданды. Дөңгелек үстелге 200-ден астам офлайн, сондай-ақ 1000-нан астам онлайн қатысушылар, оның ішінде отандық бизнес өкілдері, трансұлттық компаниялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, ірі инвесторлар мен әлемдік сарапшылар, үкімет пен мемлекеттік ұйымдардың мүшелері жиналады деп жоспарлануда», - деп толықтырды Болат Садықов

Дөңгелек үстел инвестициялық әлеуетті ілгерілетуге және шетелдік инвестицияларды, сондай-ақ Қазақстанда жобаларды іске асыру кезінде жаңа технологиялар мен үздік әлемдік тәжірибелерді тартуға бағытталған. KGIR -ге әлемнің кез келген нүктесінен қатысуға болады. Ол үшін kgir2021.invest.gov.kz сілтемесі бойынша тіркеуден өту қажет.

Іс-шара бағдарламасы «Қазақстандағы Инвестициялар: 30 жылдық жетістік» пленарлық сессиясынан және «Жаһандық экономикалық трансформация: пандемиядан кейінгі кезеңдегі сын-қатерлер мен даму перспективалары» атты панельдік сессиядан тұрады. Форум аясында инвестициялық ахуалды дамытудың және экономиканың басым секторларының әлеуетін іске асырудың өзекті мәселелерін талқылау жоспарлануда. Сондай-ақ, Қазақстанда жұмыс істейтін отандық және шетелдік инвесторлар елімізде бизнес жүргізудің жеке тәжірибесі туралы айтып, елдің инвестициялық әлеуеті туралы сараптамалық пікірлерімен бөлісетін болады.

Іс-шара аясында инвесторларды марапаттау рәсімі, бірқатар екіжақты кездесулерді ұйымдастыру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, көлік, сауда, ТМК және т. б. салалар бойынша жергілікті және шетелдік компаниялар арасында шамамен 30-дан астам ірі келісімдерге қол қою жоспарлануда.

Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз