Жаңалықтар тізбегі
0

Елордалық ұландықтар көпірден секірмек болған жігітті тоқтатты

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2021 12:59 Сурет: zakon.kz
Ер жігіт Есіл өзеніндегі көпірден секіргісі келген

Оқиға 3 желтоқсан күні кешкі сағат 21.30 шамасында орын алды. Патрульдік-бекеттік қызмет атқару барысында Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өз еркімен өмірімен қоштасқысы келген әрекетке тосқауыл қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында әскери жасақ бастығы қатардағы Хәкімжан Сарбасов және патрульшілер Максим Рюмина және Роланд Арапиевпен бірге өзен бойын жағалап келе жатып, Сарыарқа көшесінің бойындағы көпірден «Өмір сүргім келмейді, өлгім келеді» деген жігіттің дауысын естиді.

- Көпірден секіргісі келген жігітті көріп, біз дереу оған қарай асықтық. Ер азамат «Radisson» қонақүйінің қасындағы көпірде тұрды. Осы уақытта ол қоршаудың арғы жағына өтіп үлгерді. Жас жігіт көпірден секіремін деп, суицид жасағысы келді. ұландық жауынгер Хәкімжан Сарбасов

Әскери қызметшілер азаматпен сөйлесіп, оны бастапқы ойынан бас тартуға шақырды. Осы сәтте жақында кетіп бара жатқан басқа да тұрғындар азаматтың оқыс қылық жасамауын өтінді. Кейін ұтымды сәтті пайдалана отырып, әскерилер мен азаматтар қыл үстінде тұрған жігітті көпірдің арғы жағынан алып шықты. Бұдан соң оны жұбатып, әскери жасақтар бойынша кезекшіге тапсырды.

2003 жылғы азамат әрі қарай мән-жайды анықтау үшін Сарыарқа ауданының полиция басқарамасына жеткізілді. ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: