ХВҚ "омикрон" штаммының әлемдік экономикаға қалай әсер ететінін болжады

Халықаралық валюта қоры, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2021 16:32 Сурет: pixabay
"Омикрон" штаммы алдыңғы нұсқалардан көптеген жаңа мутацияларға ие болуымен ерекшеленеді

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) "омикрон" штаммның әлемдік экономиканың қалпына келу қарқынына әсерін бағалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қордың басқарушы директоры Кристалина Георгиеваның айтуынша, жаңа штамм бұл процесті баяулатуы мүмкін, деп жазады Reuters.

Өте тез таралуы мүмкін жаңа нұсқа сенімге нұқсан келтіруі мүмкін, сондықтан біз қазан айындағы жаһандық өсім болжамдарының біршама төмендеуін байқаймыз. ХВҚ басқарушы директоры Кристалина Георгиева

"Омикрон" штамм алдыңғы нұсқалардан көптеген жаңа мутацияларға ие болуымен ерекшеленеді.

Естеріңізге сала кетейік, 3 желтоқсаннан бастап Ботсвана, ОАР, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Малави, Мадагаскар, Эсватини және Танзаниядан келген шетелдік азаматтардың Қазақстанға кіруіне тыйым салынды. "Омикрон" штамм туындатқан КВИ жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР-тест нәтижесіне қарамастан жеті күнге оқшаулануы тиіс.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: