Өзбекстан Президенті мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтанға келіп жетті
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Нұр-Cұлтан қаласына мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көрші мемлекеттің көшбасшысы елордаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келді, деп хабарлайды Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда мәртебелі мейманның құрметіне құрметті қарауыл сап түзеді.
Сурет: Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметі
Сапардың негізгі іс-шаралары 6 желтоқсанда өтеді. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту, мәдени-гуманитарлық байланысты кеңейту мәселелері талқыланады. Мемлекет басшылары өңірлік және халықаралық саясат мәселелері бойынша да пікір алмасады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша 20-дан астам құжатқа қол қою көзделген.
Сурет: Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметі