Жаңалықтар тізбегі
0

Бізге бәрібір. АҚШ-тың бойкотына ҚХР елшісі пікір білдірді

Дипломатиялық бойкот, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2021 14:51 Фото: olympic.kz
Байрақты додаға АҚШ-тың ресми өкілдері бармаса да, спортшылары бақ сынай алады

Вашингтондағы Қытай елшілігінің өкілі Лю Пэнъюй АҚШ-тың Бейжіңдегі 2022 жылғы қысқы олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялау туралы шешіміне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол адамдар келеді ме, жоқ па, бәрібір. Ол ешкімді қызықтырмайды. Америкалық саясаткерлерге шақырту жіберілген жоқ. Бұл тек саяси манипуляция, ол олимпиаданың сәтті, не сәтсіз өтуіне әсер етпейді.Лю Пэнъюй

Естеріңізге сала кетейік, 6 желтоқсанда Ақ үйдің өкілі Джен Псаки АҚШ билігі Бейжің олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялағанын хабарлаған болатын.

Байрақты додаға АҚШ-тың ресми өкілдері бармаса да, спортшылары бақ сынай алады.

Айта кетейік, Бейжіңдегі 2022 жылғы қысқы олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: