Қырғыз Президенті балмұздақ таситын көлік қаққан 10 баланы Бішкекке жеткізуді тапсырды
Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Олардың жағдайы ауыр деп бағаланады. Зардап шеккендер Бішкек қалалық балалар клиникалық жедел медициналық жәрдем ауруханасында болады.
Президент Садыр Жапаров балаларды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді тапсырды әрі медициналық мамандарға тәулік бойы бақылау жүргізуін талап етті.
Айта кетсек, 2 мамырда сағат 13:30 шамасында Жалал-Абад облысының Созақ ауданында шағын балмұздақ таситын көлік 29 баланы қағып кетті. Зардап шеккендер - 9 бен 16 жас аралығындағылар. Жүк көлігінің жүргізушісі тұтқындалды. Ер адам аталған шараға демеуші ретінде қатыспақ болғаны белгілі болды. Жеті қорап балмұздақ алып келіп, көлігін тоқтатқан. Көлігінен түскен ол мектеп директорына қоңырау шалып, жағдайды білмек болады. Сол кезде тұрған көлік өз бетімен төменге ылдилай жөнелген.