Жаңалықтар тізбегі
0

Қарин қазақ-қырғыз зиялылары мен шығармашылық өкілдерінің форумына қатысты

Ерлан Қарин, қазақ-қырғыз зиялылары мен шығармашылық өкілдерінің форумы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2024 21:19 Сурет: akorda.kz
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Қырғызстанның Мемлекеттік хатшысы Суйунбек Касмамбетов Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында қазақ-қырғыз зиялылары мен шығармашылық өкілдерінің форумына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өз сөзінде аталған форум екі елдің зиялы қауымы мен шығармашылық сала өкілдерінің  бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасауына, сондай-ақ әдебиет, өнер және мәдениетаралық  ықпалдастықтың басқа бағыттары бойынша заманауи әрі сұранысқа ие жобаларды қолдауға тамаша  мүмкіндік беретінін атап өтті, делінген Ақорданың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар шарада Қырғызстанның Мемлекеттік хатшысы Суйунбек Касмамбетов, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның Еңбек Ері Бақтықожа Ізмұхамбетов, Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік тіл және тіл саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Мелис Мураталиев, Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Абдылдажан Акматалиев, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, "Мурас" Қырғызстан халқының тарихи және мәдени мұрасы қорының төрағасы Кыяс Молдокасымов  сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.

Қазақ-қырғыз зиялылары мен шығармашылық өкілдерінің форумы, Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2024 21:19

Сурет: akorda.kz

Форумда шығармашылықты шыңдау, ұрпақтар сабақтастығы және  екі елдің рухани-мәдени мұрасын сақтауға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар әдебиет пен өнер саласындағы тың бастамалар мен ынтымақтастықтың анағұрлым перспективті бағыттары әңгімеге арқау.

2024 жылы 18 сәуірде кешкісін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды. Одан соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында өткен екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: