Ерлан Қарин Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысымен кездесті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Алматыда Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұловпен кездесті., сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2025 11:09 Сурет: akorda.kz
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Алматыда Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұловпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәртебелі мейманға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді одан әрі жаңғыртуға бағытталған жаңа бастамалары туралы айтылды.

Қырғызстан өкілі мәдениет және білім саласындағы жобаларды жүзеге асыру жоспарымен бөлісті.

Кездесуде екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету перспективасы талқыланды. Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және шығармашылық бағыттағы бастамаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар Ерлан Қарин мен Марат Иманқұлов Ұлттық орталық музейге барды және Тоқтағұл Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясы әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматов повесінің желісімен қойған "Жәмилә" мюзиклін тамашалады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: