Қырғызстандағы сел тасқыны 10 жасар баланы ағызып әкетті
Сурет: pixabay
Қырғызстанның Жалал-Абад облысының ауылдарында сел тасқыны жүріп жатыр. Апатқа байланысты 300 үйдің тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қырғызстан ТЖМ мәліметінше, 17 маусым күні кешке Эски-Кочкор-Ата, Ноокен ауданының Бостон ауылдарында қатты жауған жаңбырдан кейін сел басталған. Осы тасқын баланы алып кеткен. Сағат 19:10-да жергілікті тұрғындар баланың мәйітіін тапқан.
"Эски-Кочкор-Ата ауылының тұрғыны 2014 жылы туған К.Э.Дж-нің денесін жергілікті тұрғындар тауып, туыстарына берді", - делінген ақпаратта.
Селдің зардаптарын құтқарушылар, полицейлер, жедел жәрдем бригадасы, азаматтық қорғау қызметкерлері жоюда. Жергілікті тұрғындар да тартылды.
Сондай-ақ, Бішкек – Ош тас жолының 518-ші шақырымын да су басқан, бірақ бірнеше сағаттан кейін жолдың бір бөлігі арқылы көлік қозғалысы ашылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript