Тағы бір алматылық 5 қабаттан секіріп кетті

өзін-өзі өлтіру,, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2021 17:31 Сурет: pexels
Өлім аузынан қалған келіншек қазір ауруханада жатыр

26 жастағы алматылық келіншек бүгін өзін-өзі өлтірмек болып, 5 қабаттағы пәтерінің терезесінен секірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол секірмес бұрын, дәрі ішіп, уланбақ болған.

Келіншекті өлімге итермелеген ажырасу процесі болуы мүмкін.

Істің мән-жайы анықталуда. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабы бойынша тіркелді. Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: